«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 884-бабын, «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 26-бабының 7-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторингтеу және талдау департаментіне Петропавл қ.,
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Солтүстік Қазақстан филиалының 2019 жылғы 01 шілдегі № 1 Қосымша / № KZ.О.01.0317 өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органының аккредиттеу аттестаты қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР, 010/2011 «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР және «Адамның терісімен, тамақпен және сумен байланыста болатын тұтыну тауарлары», «Құрылыс материалдары» аккредиттеу саласының бойынша бөліктері
2021 жылдың 01 қаңтарына дейін тоқтату туралы сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС веб-сайтына орналастырсын.
2. Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті тиісті шаралар қабылдау үшін аккредиттеу субъектінің анықталған бұзушылықтары туралы ақпаратты аккредиттеу бойынша комиссияға жіберсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

