Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2) тармақшасына сәйкес және 2022 жылғы 20 мамырдағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 7-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Oilsert International» ЖШС-ң өнімдерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның 2019 жылдың 26 шілдесінде берілген №KZ.О.02.0441 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының газ және оны қайта өңдеу өнімдері бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурсына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Шоқбарбаев Н.Т. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 660-ОД 24.05.2022 уақытша жарамсыз деп тану туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

