«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы No 285 Жарлығына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 06 маусымдағы № 39 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 5 шілдеден бастап 14 күнге қосымша карантиндік шараларды енгізу туралы шешіміне және республикада шектеу шараларын 20 шілдеден 2 тамызға дейін тағы 2 аптаға ұзарту туралы шешіміне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Казахстанский центр качества» ЖШС менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органның 2015 жылдың 10 сәуірдегі KZ.Q.02.0729 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі төтенше жағдайдың және қосымша карантиндік шаралардың күшінде болу кезеңінде 2020 жылғы 10 шілдеден 2020 жылғы 3 қазанға дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектіні хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 10 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға таралады.

