«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 06 мамырдан 2026 жылғы 06 тамызға дейін ұзартылсын:
1) Алматы қ., «Өнімдер, қызмет сертификаттау орталығы» сынақ орталығының № KZ.T.02.Е0175 аккредиттеу аттестаты;
2) Петропавл қ., «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының сынақ зертханасының № KZ.T.15.E0179 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 06 мамырдан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

