Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 5) және 6) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2020 жылғы шілде айының 24 күнгі № 59-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Ақтөбе қ., «ГидроЭкоРесурс-L» ЖШС-ң сынақ зертханасының 2018 жылдың тамыз айының 14 күні берілген № КZ.Т.05.1400 аккредиттеу аттестаты қайта жаңғыртылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

