Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 12 маусымдағы № 21-О хаттамасы негізінде
БҰЙЫРАМЫН:
- Атырау қ., «Казахстанский центр метрологии» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасының 23.06.2020 жылғы № KZ.P.06.2343 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «7-ші, 9-шы, 10-шы, 13-ші» өлшем түрі бойынша саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
- «ҰАО» РМК-ның мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
- «ҰАО» РМК-ның цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ның аппарат басшысы М. Б. Копабаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

