Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 12 маусымдағы № 20-О хаттамасы негізінде
БҰЙЫРАМЫН:
- Семей қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның «Семей» филиалының өлшеу құралдарын тексеру бөлімінің калибрлеу зертханасының 05.11.2021 жылғы № KZ.K.07.E0645 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «11-ші» өлшем түрі бойынша саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
- «ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
- «ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ң аппарат басшысы М. Б. Копабаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

