«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 27 шілдеден 2020 жылғы 27 қазанға дейін ұзартылсын:
- «ИСПЫТАТЕЛЬ ДСМ» ЖШС сынақ зертханасы 2015 жылдың 27 шілдедегі № KZ.T.07.0790 аккредиттеу аттестаты;
- «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Ақмола филиалының салыстырып тексеру зертханасы 2015 жылдың 27 шілдедегі № KZ.P.03.0834 аккредиттеу аттестаты;
- «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Талдықорған филиалының салыстырып тексеру және метрологиялық өлшемдер бөлімінің салыстырып тексеру зертханасы 2015 жылдың 27 шілдедегі № KZ.P.04.0775 аккредиттеу аттестаты;
- «Мұнай Automatic» өндірістік кооперативінің салыстырып тексеру зертханасы 2015 жылдың 27 шілдедегі № KZ.П.16.0777 аккредиттеу аттестаты;
- «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы 2015 жылдың 27 шілдедегі № KZ.P.13.0909 аккредиттеу аттестаты;
- «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалының салыстырып тексеру зертханасы 2015 жылдың 27 шілдедегі № KZ.П.16.0789 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 27 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға таралады.

