«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 15.04.2025 жылғы № 7120-25-00-3/15505 қаулысына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
- Мониторинг және талдау басқармасы «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Астана филиалының сынақ орталығының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № KZ.T.01.0210 аккредиттеу аттестатын айыруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
- Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ның веб-сайтына орналастырсын.
- Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың бірінші орынбасары Е.Ж. Қарасаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

