«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті 22.04.2025 жылғы № 257500610000009 қаулысына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
- Мониторинг және талдау басқармасы «QS Azia Sertik» ЖШС-нің 2021 жылғы 06 сәуірдегі № KZ.О.02.0802 аккредиттеу аттестатының портландцемент тампонажын сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қызметі бөлігінде 2025 жылғы 03 қарашаға дейін қолданылуын тоқтата тұруға қатысты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне мәліметтер енгізсін.
- Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
- Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың бірінші орынбасары Е.Ж. Қарасаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

