Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 13 маусымдағы № 244 хаттамасы негізінде
БҰЙЫРАМЫН:
-
ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар»
талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
- Астана қ., «Kaz Tech Expertiza» ЖШС-ның сынақ орталығы;
- Алматы қ., «AlmatyCert» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
- Ақтөбе қ., «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» ҚОҚЗ АҚ-ның сынақ зертханасы;
- Өскемен қ., Семей қ., «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ-ның салыстырып тексеру зертханасы.
-
Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
- Ақтөбе қ., «ЖТИС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» ШЖҚ КМК медициналық зертханасы;
- Өскемен қ., «Сараптау және Сынау Орталығы» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
- Қостанай қ., «КАЗЛАБСЕРВИС» ЖШС-ның сынақ зертханасы.
- Аккредиттеу субъектісінің атауының және мекенжайының өзгеруіне байланысты Алматы қ., «ORGANIC» мұнай өнімдерін сараптаудың тәуелсіз орталығы» ЖШС-ның процестері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органға аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
- ҚР СТ ISO 15189-2023 «Медициналық зертханалар. Сапа мен біліктілікке қойылатын талаптар» стандартына өтуіне байланысты Ақтөбе қ., «ЖТИС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» ШЖҚ КМК медициналық зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
- «ҰАО» РМК экономика, жоспарлау және ішкі аудит басқармасы осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
- «ҰАО» РМК мониторинг және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
- «ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ның аппарат басшысы М. Б. Копабаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

