Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК 2024 жылғы 15 мамырдағы № 131 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Есіл аудандық бөлімшесінің сынақ орталығы;
2) Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Тайынша аудандық бөлімшесінің сынақ зертханасы;
3) Астана қ., «KGS-Astana» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
4) Тараз қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Жамбыл филиалының сынақ орталығы;
5) Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Мамлют аудандық бөлімшесінің сынақ зертханасы;
6) Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, «СапаТехНадзор» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
7) Қостанай қ., «ГЭСПОЛ» ЖШС-ң топырақ-экологиялық зертханасы;
8) Шымкент қ., «АвтоПрофи» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Алматы қ., «EcoPartnership» ЖШС сынақ зертханасының;
2) Астана қ., Астана филиалының «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң салыстырып тексеру зертханасының;
3) Алматы қ., «Прикаспийский Центр Сертификации» ЖШС-ң сынақ орталығы;
3. Аккредиттеу саласын қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Петропавл қ., «Мамандандырылған оқу орталығы және кешенді қауіпсіздік» ЖШС-ң сынақ зертханасының;
2) Орал қ., «Биоорта» ЖШС-ң сынақ зертханасы.
4. Аккредиттеу субъектісінің мекенжай атауының өзгеруіне байланысты Астана қ., «JFOOD KAZAKHSTAN» ЖШС-ң сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты Астана қ., «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ң сынақ зертханасынан (орталығынан) / Астана қ., «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ң жылжымалы сынақ зертханасына (орталығына) аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
6. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
7. «ҰАО» РМҚ Талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты орналастырсын.
8. «ҰАО» РМҚ Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет- ресурста орналастырсын.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Б.С. Еримбетовке жүктелсін.
10. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

