«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша салыстырып тексеру зертханасының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № KZ.P.02.1036 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 30 сәуірден 2026 жылғы 30 шілдеге дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 30 сәуірден бастап туындайтын қатынастарға таралады.

