Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес және 2024 жылғы 16 мамырдағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 24-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Ақтау қ., «Test Standard Engineering» ЖШС-ң сынақ зертханасының 28.09.2022 жылы берілген № KZ.T.13.E1310 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «Дизель отыны», «мотор майы» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді

