Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 21 бабының 1 тармағына,
22 бабының 7 тармағына сәйкес және 2021 жылғы 21 мамырдағы № 159 аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Шымкент қ, «М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамынының «САПА» сынақ орталығының аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделуден бас тартылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің талдау және мониторинг департаменті «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған ұйымды етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Е.А. Базарбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

