«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 06 маусымдағы № 39 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 5 шілдеден бастап 14 күнге қосымша карантиндік шараларды енгізу туралы шешіміне және республикада шектеу шараларын 20 шілдеден 2 тамызға дейін тағы 2 аптаға ұзарту туралы шешіміне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының «Инженерлік-техникалық орталығы» филиалының метрология бөлімінің және аналитикалық құралдарын салыстырып тексеру зертханасының 2015 жылдың 22 мамырдағы KZ.P.09.0696 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі қосымша карантиндік шаралардың күшінде болу кезеңінде 2020 жылғы 17 шілдеден 2020 жылғы 15 тамызға дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектіні хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 17 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға таралады.

