Аккредиттеуден кейінгі шарттың 8.2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1.2021 жылғы 23 мамырдан бастап 2021 жылғы 23 маусымға дейін «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасының KZ.Т.02.1108 аккредиттеу аттестаты ұзартылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектіге хабардар етсін.
3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары Е. Мұхтарға жүктелсін.
4.Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2021 жылғы 23 мамырдан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

