Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комисиясының 2023 жылғы қаңтар айының 27 күнгі № 2-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Өскемен қ., «Испытатель ДСМ» ЖШС сынақ зертханасының 2020 жылдың 18 қарашада берілген № KZ.T.07.0790 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының «асфальтбетон, асфальтбетон қоспалары» өнімі бойынша бөлігі қайта жаңғыртылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Айтышев М.К. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

