Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 121 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Қызылорда қ., «МЫРЗА-ХАН» ЖШС Қызылорда филиалының «ОЛИМП» клиникалық- диагностикалық зертханасының медициналық зертханасы аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Қарағанды қ., «Қарағанды Су» ЖШС Аэрация станциясының сынақ зертханасы;
2) Өскемен қ., «Испытательная лаборатория НПО ВК ЭКО» ЖШС сынақ зертханасы;
3) Алматы қ., «Жарык-аудит» ЖШС сынақ зертханасы.
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты Петропавл қ. Петропавл электрмен жабдықтау қашықтығы Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесінің құрылымдық бөлімшесі – «Ресей темір жолдары» ААҚ филиалының салыстырып тексеру зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
5. «ҰАО» РМҚ Талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты орналастырсын.
6. «ҰАО» РМҚ Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет- ресурста орналастырсын.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Б.С. Еримбетовке жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

