Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2021 жылғы 05 мамырдағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша № 1 Қаулысы негізінде және «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1.Мониторингтеу және талдау департаментіне «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органының 2019 жылдың шілде айының 01 күні берілген № KZ.О.01.0317 1-қосымшасының 7-тармағының аккредиттеу аттестатын Жамбыл филиалының қызметі бөлігі бойынша 2021 жылғы 05 қарашаға дейін тоқтату туралы мәліметтерді Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-ң веб-сайтына орналастырсын.
2.Мониторингтеу және талдау департаментіне «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ сынақ орталығының 2019 жылдың ақпан айының 06 күні берілген № KZ.Т.08.0201 аккредиттеу аттестаты 2021 жылғы 05 қарашаға дейін тоқтату туралы мәліметтерді Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

