Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК 2024 жылғы 3 мамырдағы № 123 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO/IEC 17021-1-2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органдары аккредиттелсін:
1) Астана қ. «Cert International Kazakhstan» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы;
2) Тараз қ., «Центр качества «Независимый эксперт» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Павлодар қ., «Dicorp» ЖШС-ң мобильді сынақ зертханасы;
2) Шымкент қ., «ПРОБИРНАЯ ОЦЕНОЧНАЯ ПАЛАТА «BARS» ЖШС-ң
сынақ зертханасы;
3) Ақтөбе қ., «Ақтөбе Промсанитария» ЖШС-ң сынақ зертханасы.
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Қарағанды қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Қарағанды филиалының өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның;
2) Алматы қ., «Центр испытаний качества продукции» ЖШС-ң өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органның;
3) Талдықорған қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Талдықорған филиалының өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның;
4) Астана қ., Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК калибрлеу зертханасының;
5) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК салыстырып тексеру зертханасының;
6) Алматы қ., «Нобел Алматинская фармацевтическая фабрика» АҚ сынақ зертханасының.
4. Аккредиттеу саласын кеңеюіне байланысты Астана қ., «NTD CERT» ЖШС персоналының сәйкестігін растау жөніндегі органның аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. Аккредиттеу саласын қайта ұйымдастыруға байланысты Балқаш қ., «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сапаны басқару дирекциясының «Қазмыс Сервис» мамандандырылған кәсіпорнының Балқаш өңірінің өлшеу құралдары цехының өлшеу құралдарын тексеру зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
6. Аккредиттеу субъектісінің ҚР СТ ISO/IEC 17029-2020 «Сәйкестікті бағалау. Валидация және верификация органдарына қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптар» және ҚР СТ ISO 14065-2022 «Қоршаған орта туралы ақпаратты валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптар» стандартына өтуіне байланысты Астана қ., «АRT ECOLOGY» ЖШС-ң валидация және верификация жөніндегі органның аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
7. ҚР СТ ISO 50003-2022 «Энергетикалық менеджмент жүйесі. Энергетикалық менеджмент жүйелерінің аудитін және сертификаттауын жүзеге асыратын органдарға қойылатын талаптар» жаңа стандартына өтуіне байланысты Алматы қ., «Euroasia MS» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
8. Аккредиттеу субъектісінің мекенжай атауының өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Алматы қ., «QS Azia Sertic» ЖШС-ң сынақ орталығының;
2) Астана қ., «PROTECTION CENTER» ЖШС сынақ зертханасының;
3) Павлодар қ., «РУБИКОМ» кәсіпорын ЖШС-ң сынақ зертханасының;
4) Алматы облысы, Текелі қ., «ТЕКЕЛИЙСКИЙ ЭНЕРГОКОМПЛЕКС» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының.
9. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
10.«ҰАО» РМҚ Талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты орналастырсын.
11.«ҰАО» РМҚ Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет- ресурста орналастырсын.
12. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Б.С. Еримбетовке жүктелсін.
13. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді

