Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2020 жылғы шілде айының 20 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 57 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. 1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Алматы облысы, Қаскелен қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Алматы облысы бойынша филиалының Қарасай аудандық бөлімшесінің (Қапшағай қалалық бөлімшесі) сынақ зертханасы;
Тараз қ., «Минералды тыңайтқыштар» «Казфосфат» ЖШС-ң Тараз филиалының сынақ өнеркәсіптік-санитарлық зертханасы аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Алматы қ., «Асфальтобетон 1» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Қостанай қ., «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша Экология департаменті».
2.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары аккредиттелсін:
Нұр-Сұлтан қ., «Callab» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Нұр-Сұлтан қ., «Callab» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы;
Шымкент қ., «Энергомера-I» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының қысқартылуына байланысты:
Санкт-Петербург қ., «Территориальная компания «ОМЗ-Ижора» жауапкершілігі шектеулі қоғамының («ТК «ОМЗ-Ижора» ЖШҚ СО) сынақ орталығы;
Ақмола облысы, Степногоск қ., «Степногорск тау-кен-химиялық комбинаты» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
4. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1,2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
5. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

