«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына және «Service engineering group» ЖШС-мен жасасқан 2022 жылғы 16 қарашаның № 226 П аккредиттеуден кейінгі шартты бұзу туралы 2025 жылғы 21 қаңтардағы № 3 келісімге сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
-
«Service engineering group» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2022 жылғы 16 қарашаның № KZ.P.02.E1394 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
-
Экономика, жоспарлау және ішкі аудит басқармасы үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
-
Мониторингтеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін.
-
Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтында орналастырсын.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Бас директордың орынбасары А. М. Хасеновке жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

