«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 20 шілдеден 2020 жылғы 20 қазанға дейін ұзартылсын:
- «Жоғарғы технологиялар институты» ЖШС «ЖТИ-ЗЕРДЕ» филиалының батыс салыстырып тексеру зертханасы 2015 жылдың 20 шілдедегі № KZ.P.12.0769 аккредиттеу аттестаты;
- «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы 2015 жылдың 20 шілдедегі № KZ.T.05.0764 аккредиттеу аттестаты;
- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Талдықорған өңірлік филиалының сынақ зертханасы және құрылымдық бөлімшесі - Панфилов аудандық ветеринариялық зертханасы 2015 жылдың 20 шілдедегі № KZ.T.04.0828 аккредиттеу аттестаты;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының сынақ орталығы 2015 жылдың 20 шілдедегі № KZ.T.15.0798 аккредиттеу аттестаты;
- «Казхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қоршаған ортаны қорғау зертханасы 2015 жылдың 20 шілдедегі № KZ.T.05.0664 аккредиттеу аттестаты;
- «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ филиалы «Октябрьмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының салыстырып тексеру зертханасы 2015 жылдың 20 шілдедегі № KZ.П.05.0842 аккредиттеу аттестаты;
- «Энергометросервис» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы 2015 жылдың 20 шілдедегі № KZ.P.10.1006 аккредиттеу аттестаты;
- «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ орталық зауыт зертханасы-техникалық бақылау бөлімі 20 шілдедегі № КZ.И.14.0762 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 20 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға таралады.

