Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 13 мамырдағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының
№ 297 және 298 хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Интертек Интернэшинал Казахстан» ЖШС-ң (Intertek International Kazakhstan) бұзылмайтын бақылау сынақ зертханасы, Атырау қ.;
2) «A-la Terre» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Орал қ.;
3) «Компания ECOS» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы, Алматы қ.;
4) «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ң Қостанай филиалы, Қостанай қ.;
5) «АстанаСтройАльянс» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Өскемен қ.;
6) «КазСтройДиагностика» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
7) «Республикалық Радиологиялық орталық» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Тараз қ.;
8) «АРИАТ» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Атырау қ.;
9) «Caley Energy» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақсай қ.;
10) «ЭлектроСтройМонтаж» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз вахталық кенті;
11) «Мұнайгаз инжиниринг Лтд» ғылыми өндірістік фирмасы» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.
2. ГОСТ ISO / IEC 17065-2013 талаптарына сәйкес «Сәйкестікті бағалау. Өнімдерді, процестерді және қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар», ҚР СТ 3110-2017 «Сәйкестікті бағалау. Органикалық өнім және органикалық өнім өндірісінің сәйкестігін растау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» «QAZAQ BIO CONTRO» ЖШС-ң процестің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Нұр-Сұлтан қ. аккредиттелсін.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Тұран Бизнес Групп» ЖШС-ң өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган Шымкент қ.;
2) «Т-Стандарт» ЖШС-ң сынақ орталығы, Алматы қ.;
3) «Құрылыс-өрт сараптамасы» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Шымкент қ.;
4) «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ-ң коммерциялық емес Сынақ зертханасы, Нұр-сұлтан қаласы.
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты аккредиттеу аттестаты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) «Алға тексеру зертханасы» ЖШС-ң тексеру зертханасы, Шымкент қ.;
2) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Павлодар филиалы, Павлодар қ. (№ 04-2022-01-0498 өтініш);
3) «University Medical Center» медициналық зертхананың корпоративтік қоры, Нұр-сұлтан қ.;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы, Алматы қ.;
5) «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесің сынақ зертханасы, Түркістан қ.;
5. Атауының өзгеруіне байланысты келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университет»" КЕАҚ тау-кен металлургия кешеніндегі (МК-дағы ЭМ ЛЗ) метан энергетикасының сынақ зертханасы, Қарағанды қ.;
2) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң сынақ орталығы Қостанай филиалы, Қостанай қ.
6. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталыгы) құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
7. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Шоқбарбаев Н.Т. жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 616-ОД 20.05.2022 Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

