«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 30 сәуірден 2026 жылғы 30 шілдеге дейін ұзартылсын:
1) Тараз қ., Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі (НЖС-8)» филиалының Жамбыл сигнализация және байланыс дистанциясы (ШЧ-36) салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.08.0564 аккредиттеу аттестаты;
2) Қарағанды қ., «Қамқор Локомотив» ЖШС «Қарағанды локомотив жөңдеу депосы» филиалының салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.10.E0166 аккредиттеу аттестаты;
3) Қостанай қ., «ГЭСПОЛ» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.11.E0161 аккредиттеу аттестаты;
4) Алматы қ., «Өнімдер сапасын тексеру орталығы» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.О.02.0851 аккредиттеу аттестаты;
5) Атырау қ., «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті» РММ зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің сынақ зертханасының № KZ.T.01.E0163 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 30 сәуірден бастап туындайтын қатынастарға таралады.
