Қазақстан Республикасы Үкіметінің 5 шілдеден бастап 14 күнге қосымша карантиндік шараларды енгізу туралы шешіміне және республикада шектеу шараларын 20 шілдеден 2 тамызға дейін тағы 2 аптаға ұзарту туралы шешіміне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақзергер» акционерлік қоғамының сынақ зертханасының 2015 жылдың 15 мамырдағы KZ.T.02.1603 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі қосымша карантиндік шаралардың күшінде болу кезеңінде 2020 жылғы 10 шілдеден 2020 жылғы 8 тамызға дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектіні хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 10 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға таралады.

