Қазақстан Республикасы Үкіметінің 5 шілдеден бастап 14 күнге қосымша карантиндік шараларды енгізу туралы шешіміне және республикада шектеу шараларын 20 шілдеден 2 тамызға дейін тағы 2 аптаға ұзарту туралы шешіміне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «ТЕКС» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның 2015 жылдың 20 ақпандағы KZ.О.02.0651 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі қосымша карантиндік шаралардың күшінде болу кезеңінде 2020 жылғы 15 шілдеден 2020 жылғы 13 тамызға дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектіні хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 15 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға таралады.

