Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 30 мамырдағы № 16-О хаттамасы негізінде
БҰЙЫРАМЫН:
- Астана қ., «University Medical Center» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының клиника-генетикалық диагностика бөлімшесінің медициналық зертханасының 18.06.2020 жылғы № KZ.M.01.1432 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
- «ҰАО» РМК-ның мониторингтеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілері тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
- «ҰАО» РМК-ның цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ның аппарат басшысы М. Б. Копабаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

