Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2020 жылғы шілде айының 13 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 56 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ИСО/ХӘК 17025-2018 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес Шымкент қ., «Корпорация «Береке А» ЖШС-ң сынақ зертханасы аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Ақтау қ., «КазАзот» АҚ-ң сынақ орталығы;
Ақтөбе қ., «Противопожарная безопасность» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Көкшетау қ., «Нұр-Бидай» ЖШС-ң сынақ орталығы;
Тараз қ., Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының табиғи ортаның ластануын мониторинглеу зертханасы;
Көкшетау қ., «Палата» ЖШС-ң сынақ орталығы;
Нұр-Сұлтан қ., «Аналитик АФ» ЖШС-ң сынақ орталығы;
Өскемен қ., «Сорга ЖЭО» ЖШС-ң санитарлық-өнеркәсіптік талдау зертханасы;
Атрау қ., «БатысЭкоПроджект» ЖШС-ң Жылжымалы сынақ зертханасы;
2.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханалары аккредиттелсін:
Нұр-Сұлтан қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Астана филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
Қызылорда облысы, Қазалы станциясы, «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ-ң «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Қазалы сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы;
Солтүстік Қазақстан облысы, Новоишимское селосы, «Жаңа-Есіл Феникс» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
3. ҚР СТ ISО 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес:
3.1 Келесі ұйымдардың медициналық зертханалары:
Қандыағаш қ., «Райдезинфекция XXI» ЖШС-ң медициналық зертханасы;
4. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
4.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Нұр-Сұлтан қ., «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сот сараптамалы институтының сынақ зертханасы;
4.1 ҚР СТ ИСО/ХӘК 17025-2018 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Түркістан облысы, «Оңтүстік тау-химиялық компаниясы» бірлескен кәсіпорын» ЖШС-ң «Южный Инкай» кенішінің физико-химиялық зертханасы;
Алматы қ., «Ғылыми-Зерттеу Орталығы «Алматы-Стандарт» ЖШС-ң сынақ орталығы;
4.3 ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Қызылорда қ., Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Қызылорда облыстық филиалының сынақ зертханасы;
Түркістан қ., «Яссы-Құрылыс» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Түркістан облысы, «Қазақстандық-француздық «Катко» бірлескен кәсіпорны» ЖШС-ң бұзбай бақылау сынақ зертханасы;
Алматы қ., «ECOTERA» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Маңғыстау облысы, «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АЌ-ң «Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Маңғыстау сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы.
5. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
5.1 Павлодар қ., «ERG Service» АҚ-ң Техникалық бақылау бөлімі және Сынақ зертханасының атауы Павлодар қ., «ERG Service» ЖШС-ң Техникалық бақылау бөлімі және Сынақ зертханасы атауына өзгеруіне байланысты.
6. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1,2,3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
7. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

