«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 23 сәуірден 2026 жылғы 23 шілдеге дейін ұзартылсын:
1) Шымкент қ., «СЖС Қазақстан ЛТД» Шетел кәсіпорыны» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.16.1686 аккредиттеу аттестаты;
2) Өскемен қ., «Өскемен арматуралық зауыты» АҚ бас метролог бөлімінің орталық өлшеу зертханасы калибрлеу зертханасының № KZ.K.07.1012 аккредиттеу аттестаты;
3) Қызылорда қ., «ECO GUARD» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.12.1692 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 23 сәуірден бастап туындайтын қатынастарға таралады.
