Алматы қ., «Cosmomed» ЖШС-ң өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органының аккредиттеу саласының «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» 007/2011 КО ТР және «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 017/2011 КО ТР бойынша уақытша жарамсыз бөлігін қайта жаңартудан бас тарту туралы
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2020 жылғы шілде айының 07 күнгі № 52-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Cosmomed» ЖШС-ң өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның 2015 жылдың мамыр айының 22 күні берілген № КZ.О.02.0995 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» 007/2011 КО ТР және «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 017/2011 КО ТР бойынша уақытша жарамсыз бөлігін қайта жаңғыртудан бас тартылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары К.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

