Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сертификационный центр «Тарту-Стандарт» ЖШС сынақ орталығының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № KZ.T.10.0571 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. «SED» ЖШС парниктік газдарды валидациялау және верификациялау органының 2020 жылғы 17 қантардағы № KZ.V.02.2299 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
3. Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
4. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтына орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Бас директордың орынбасары М.К. Айтышевке жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

