Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, 2 абзацқа сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2020 жылғы шілде айының 07 күнгі № 53-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Петропавл қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органының 2019 жылдың шілде айының 01 күні берілген № КZ.О.01.0317 (№1 қосымшасымен) аккредиттеу аттестатын Солтүстік Қазақстан филиалының қызметі бөлігі бойынша қайтарылып алынсын.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

