Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2021 жылғы 20 мамырдағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 152 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
«Инженерная Буровая Компания «Си Бу» (Ақтау) ЖШС сынақ зертханасы, Маңғыстау облысы, Жетібай ауылы;
«Уральская торгово-промышленная компания» ЖШС сынақ зертханасы, Орал қ.;
«Бағалы металлдар мен асыл тастарды тәуелсіз сараптау орталығы» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қ.;
«Уралводпроект» ЖШС сынақ зертханасы, Орал қ.;
«КАЗГЕО ИЗЫСКАНИЯ» ЖШС сынақ зертханасы, Атырау облысы;
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалының табиғи ортаның ластануын мониторингтеу кешенді зертханасы, Атырау қ.;
1.2 Келесі ұйымның салыстырып тексеру зертханасы аккредиттелсін:
«MAKER (МЭЙКЕР)» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Қарағанды қ.;
«Aktobe Gas Innovation» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Орал қ.
2. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау өнімдерді, үрдістермен қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар»талаптарына сәйкес келесі аккредиттеу субъектісі аккредиттелсін:
«НУТРИТЕСТ» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы, Алматы қ.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
«MSK Engineering» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қ.;
«Центр Экспертизы и Испытаний» ЖШС сынақ зертханасы, Өскемен қ.;
«Avant Metrology» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Ақтөбе қ.
3.2 Келесі аккредиттеу субъектілерінің мекен-жайы атауының өзгеруіне байланысты:
«Производственная фирма «Взлет-Казахстан» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
3.3 Келесі аккредиттеу субъектінің қайта ұйымдастырылуына байланысты:
«University Medical Center» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының клиника-генетикалық диагностика бөлімшесінің медициналық зертханасы, Нұр-Сұлтан қ. атауы «University Medical Center» корпоративтік қорының зертханалық медицина, патология және генетика департаментінің клиника-генетикалық диагностика бөлімшесінің медициналық зертханасы, Нұр-Сұлтан қ. атауына өзгеруіне байланысты;
3.4 Келесі аккредиттеу субъектісінің мекен жайының өзгеруіне байланысты:
«Eco Meter» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ;
3.5 Келесі аккредиттеу субъектісінің ҚР СТ ISO/IEC 17021-2-2019 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар. 2 бөлім. Қоршаған орта менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізу үшін құзыреттілігіне қойылатын талаптар» және
ҚР СТ ISO/IEC 17021-3-2019 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар.3 бөлім. Сапа менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізу үшін құзыреттілігіне қойылатын талаптар» стандарттардың талаптарына сәйкес нұсқасына көшуі назарға алынсын:
«Региональный Научно-Практический Центр «Система» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы, Павлодар қ.
3.6 Келесі аккредиттеу субъектісінің ҚР СТ ISO/TS 22003-2017 «Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджменті жүйелері. Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджменті жүйелеріне аудит пен сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес қосымша бағалаудан өтуіне байланысты, сонымен бірге ҚР СТ ISO 45001-2019 «Еңбек қауіпсуздігі және денсаулық сақтау менеджменті жүйесі. Талаптар және қолдану жөніндегі нұсқаулық» стандарттардың талаптарына сәйкес нұсқасына көшуі назарға алынсын:
«Премиум Серт Qazaqstan» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы, Алматы қ.
4. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
5. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, «е-Аккредиттеу» ақпараттық жүйесінен тыс қарастырылған құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының орынбасары Е.А. Базарбаевқа жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

