«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 13 шілдеден 2020 жылғы 13 қазанға дейін ұзартылсын:
- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Жамбыл облыстық филиалының сынақ зертханасы және құрылымдық бөлімшесі - Қордай аудандық ветеринариялық зертханасы 2015 жылдың 13 шілдедегі № KZ.Т.08.0751 аккредиттеу аттестаты;
- «СтройДевелопмент» ЖШС сынақ зертханасы 2015 жылдың 13 шілдедегі № KZ.Т.01.1625 аккредиттеу аттестаты;
- «Қазхром» Трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының салыстырып тексеру зертханасы 2015 жылдың 13 шілдедегі № KZ.П.14.0697 аккредиттеу аттестаты;
- «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Батыс Қазақстан филиалының салыстырып тексеру зертханасы 2015 жылдың 13 шілдедегі № KZ.P.09.0844 аккредиттеу аттестаты;
- «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Қарағанды мұнай құбыры басқармасының салыстырып тексеру зертханасы 2015 жылдың 13 шілдедегі № KZ.P.10.1626 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 13 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға таралады.

