Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 6 мамырдағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының
№ 295 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Атырау өрт зертханасы» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Атырау қ.;
2) «Флагман Серт Қазақстан» сынақ зертханасы» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
3) «Инфосерт» ЖШС-ң сынақ орталығы, Алматы қ.;
4) «Лекос» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі кенті;
5) «БатысСервисПлюс» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Орал қ.;
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Каспий Строй Консалтинг» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтау қ.;
2) «ГАЗПРОМ НЕФТЬ – Казахстан» ЖШС-ң «Боралдай» сынақ зертханасы, Алматы қ.
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты аккредиттеу аттестаты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) «Geo-Lab» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтау қ.;
2) «Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
3) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Қостанай филиалының өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган Қостанай қ.;
4) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Павлодар филиалының өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Павлодар қ.; (№ 04-2022-01-0480 өтініш)
5) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Павлодар филиалының өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Павлодар қ.; (№ 04-2022-01-0478 өтініш)
6) «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н. В.» химиялық сынақ зертханасы филиалы, Атырау қ.;
4. Орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «KAZ Security Lab» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Нұр-сұлтан қ.;
2) «Petro-Unit» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Орал қ.;
3) «Сырласу» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақсай қ.;
5. Атауының өзгеруіне байланысты келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «University Medical Center» медициналық зертхананың корпоративтік қоры, Нұр-сұлтан қ.;
2) «Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Қарағанды қ.;
3) «Великая стена» бұрғылау компаниясы ЖШС-ң сынақ зертханасы, Қазақстан, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы.
6. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталыгы) құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
7. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Шоқбарбаев Н.Т. жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 590-ОД 13.05.2022 Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

