«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы No 285 Жарлығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «НЦ «Каз Метро Стандарт» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2015 жылдың 13 шілдедегі KZ.P.02.0853 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі төтенше жағдайдың күшінде болу кезеңінде 2020 жылғы 13 шілдеден 2020 жылғы 7 қыркүйекке дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектіні хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 13 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға таралады.

