Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22-баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 29 мамырдағы № 222 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
-
ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
- Алматы қ., «ALC.COMPANY.KZ» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
- Шымкент қ., «СГПО Инжиниринг» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
- Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай ауылы, «АНТИГЕН ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК МЕКЕМЕСІ» ЖШС-ның сынақ орталығы;
- Ақтөбе облысы, Хромтау қ., «Қазхром» Трансұлттық компаниясы» АҚ-ның Донской тау-кен байыту комбинаты-филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
- Қостанай қ., «Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ-ның Қостанай филиалының сынақ орталығы;
- Ақтөбе қ., Уральск қ., «Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ-ның Ақтөбе филиалының сынақ орталығы;
- Екібастұз қ., «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның қоршаған ортаны қорғау қызметінің сынақ зертханасы;
- Атырау қ., «АТЫРАУГИДРОГЕОЛОГИЯ» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
- Алматы қ., «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми зерттеу институты» ЖШС-ның сынақ орталығы;
- Атырау қ., «Ескерткіш Қызмет Қазақстан» ЖШС-ның калибрлеу зертханасы.
-
Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
- Ақтөбе қ., ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК Ақтөбе филиалының калибрлеу зертханасы;
- Алматы қ., «ALMA-LAB» ЖШС-ның сынақ зертханасы.
-
Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
- Алматы қ., «Q-AutoTest» ЖШС-ның сынақ орталығы;
- Павлодар қ., «Алюминий Казахстана» АҚ-ның орталық зертханасы;
- Алматы қ., ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» (КазСтандарт) РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының калибрлеу зертханасы.
- Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты Шымкент қ., «КОМПАНИЯ АХМЕТ» ЖШС-ның сынақ зертханасынан Шымкент қ., «VISTAGRAD» ЖШС-ның сынақ зертханасына аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
- «ҰАО» РМК Экономика, жоспарлау және ішкі аудит басқармасы осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен аккредиттеуден кейінгі келісімшарт жасасын.
- «ҰАО» РМК Мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілері тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
- «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК аппарат басшысы М. Б. Копабаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

