Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2021 жылғы 14 мамырдағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 146 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
«StroyKazExpert» ЖШС сынақ (жылжымалы) зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.;
«Ғылыми бастамаларды қолдау орталығы» қоғамдық қорының «SWAPTEL» топырақ, су және өсімдіктерді зерттеу зертханасы, Атырау қ.;
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалының сынақ орталығы, Петропавл қ.;
«Құрылыс Сапа» ЖШС сынақ зертханасы, Шымкент қ.;
«КАЗ-ЕN» бұзбай бақылау мобильдік сынақ зертханасы, Атырау облысы;
«Казахстанский проектно-исследовательский институт «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» ЖШС сынақ орталығы, Павлодар қ.;
1.2 Келесі ұйымның салыстырып тексеру зертханасы аккредиттелсін:
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» филиалының «Ақтоғай сигнализация және байланыс дистанциясы» салыстырып тексеру зертханасы, Шығыс Қазақстан облысы;
«Завод имени С.М. Кирова» АҚ салыстырып тексеру зертханасы, Павлодар қ.
2. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау өнімдерді, үрдістермен қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар»талаптарына сәйкес келесі аккредиттеу субъектісі аккредиттелсін:
«САПА ИНТЕРСИСТЕМ» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы, Алматы қ.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Келесі аккредиттеу субъектінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Ақмола филиалының сынақ зертханасы, Көкшетау қ.;
«СЖС Қазақстан ЛТД» Шетелдік кәсіпорыны ЖШС мұнай сынау зертханасы, мобильдік сынақ зертханасы, Ақтау қ.
3.2 Келесі аккредиттеу субъектінің аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
«ТДА СЕРВИС» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қ.;
«КАЗЭКСПОАУДИТ» ЖШС сынақ орталығы, Алматы қ.;
«КАЗЭКСПОАУДИТ» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Алматы қ.
3.3 Келесі аккредиттеу субъектілерінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
«Normal Work» ЖШС бұзбай бақылау сынақ зертханасы,
Өскемен қ.;
«Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ «Агроэкологиялық сынақ орталығы (зертханасы)», Нұр-Сұлтан қ.;
«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «А.С.Ахметов атындағы наноинженерлік зерттеу әдістері» инженерлік бейіндегі ғылыми-зерттеу зертханасының «Тамақ инженериясы» сынақ зертханасы, Тараз қ.;
«А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қолданбалы биотехнология ғылыми-зерттеу институтының тамақ өнімдерін өндіру сынақ зертханасы, Қостанай қ.;
«Жарық-аудит» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қ.;
«Астық Сапасы» ЖШС сынақ зертханасы, Қызылорда қ.;
«АЙ-АР» ЖШС сынақ зертханасы, Семей қ.;
«Парасат 2050» ЖШС сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.;
«Astana Stroy Control» ЖШС сынақ зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.;
«КазЮжстройсертиф» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қ.;
3.4 Келесі аккредиттеу субъектілерінің ҚР СТ ISO 50001-2019 «Энергетикалық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен нұсқаулықтар» және ҚР СТ ISO 22000-2019 «Азық-түлік өнімдерінің қауыпсіздік менеджменті жүйесі. Азық-түлік өнімін құру тізбегіне қатысатын ұйымдарға қойылатын талаптар» стандарттардың талаптарына сәйкес нұсқасына көшуі назарға алынсын:
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы»
АҚ менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының Оңтүстік Қазақстан филиалы, Шымкент қ.;
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы»
АҚ менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының Шығыс Қазақстан филиалы, Өскемен қ.;
3.5 Келесі аккредиттеу субъектілерінің ҚР СТ ISO 50001-2019 «Энергетикалық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен нұсқаулықтар» стандартының талаптарына сәйкес нұсқасына көшуі назарға алынсын;
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы»
АҚ менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі Орталық органы, Нұр-Сұлтан қ.;
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы»
АҚ менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының Ақтөбе филиалы.
3.6 Келесі аккредиттеу субъектісінің мекен жайының өзгеруіне байланысты:
«Сантех-Строй Алматы Ко» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы.
4. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1 ж»не 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
5. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, «е-Аккредиттеу» ақпараттық жүйесінен тыс қарастырылған құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС
Бас директорының орынбасары Е.А. Базарбаевқа жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

