Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 11-О хаттамасы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі төменде көрсетілген аккредиттеу субъекттердің:
1) Түркістан қ., Ақсукент қ., Шымкент қ. «Айгерим» ЖШС-нің салыстырып тексеру зертханасының 23.04.2021 жылғы № KZ.Р.16.Е0331,
2) Астана қ. «KGS-Astana» ЖШС-нің сынақ зертханасының 22.05.2024 жылғы № KZ.T.01.2700 аккредиттеу аттестаттары кері қайтарып алынсын.
2. «ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
3. «ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияның хатшылығы аккредиттеу аттестатының күшін жою туралы шешімнің көшірмесін жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілеріне жіберсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 2-3 тармақтар бойынша - «ҰАО» РМК-ң Бас директорының орынбасары А. Мамбетаевқа, 4 тармақ бойынша – «ҰАО» РМК-ң аппарат басшысы М. Копабаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

