«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-ң сапаны бақылау және технологиялық процестерді инспекциялау департаментінің "Метрология және өлшеу құралдарын инспекциялау" мамандандырылған кәсіпорнының өлшеу құралдарына қызмет көрсету және жөндеу бойынша Жезқазған цехының салыстырып тексеру зертханасының 2015 жылдың 10 маусымдағы № KZ.P.10.0907 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 10 маусымнан 2020 жылғы 10 қыркүйекке дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 10 маусымнан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

