Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 29 сәуірдегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының
№ 260, 261 және 262 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO / IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау. Өнімдерді, процестерді және қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін
1) «Жарылғыш материалдардың сараптау-сертификаттау орталығы» ЖШС-ң өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органы, Алматы қ.;
2) «SertSoft» ЖШС-ң өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органы, Алматы қ.
2.ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «AGRO-GARANT PV» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Павлодар қ.;
2) «OKS-Sapa» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Шымкент қ.;
3) «NS Service Group» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Нұр-сұлтан қ.;
4) «Шығыс «сынақ зертханасы» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Өскемен қ.;
5) «ЭкоНорматив» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Атырау қ;
6) «Eco Print» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
7) «Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ң фитосанитариялық зертханалық талдау сынақ орталығы, Алматы қ;
8) «ГазОйлДиагностика» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
9) «TESLA-TAN» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Атырау;
10) «TESLA-TAN» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы, Атырау қ
11) «Қамқор Локомотив» ЖШС-ң «Қазалы локомотив жөндеу зауыты» филиалының салыстырып тексеру зертханасы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы;
12) «Қамқор Локомотив» ЖШС-ң «Астана локомотив жөндеу депосы» тексеру зертханасы филиалы, Нұр-сұлтан қ.;
13) «Орда Standard» ЖШС-ң тексеру зертханасы, Қызылорда қ.;
14) «Центрэнергомеханизация» ЖШС-ң «Техникалық диагностика және бақылау» сынақ зертханасы, Қарағанды қ.
3. ҚР СТ ISO/IEC 17021-1-2015 Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар.» ҚР СТ ISO/TS 22003-2017 «Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес "Metrology&Certification" ЖШС-ң менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органы, Алматы қ. аккредиттелсін.
4. ГОСТ ISO / IEC 17024-2014 «Сәйкестікті бағалау. Персоналды сертификаттауды жүзеге асыратын органдарға қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес «Бұзылмайтын бақылау жөніндегі аттестаттау орталығы» жеке мекемесінің персоналды сертификаттау органы, Қарағанды қ. аккредителсін.
5. ГОСТ ISO / IEC 17020-2013 «Сәйкестікті бағалау. Инспекция жүргізетін түрлі органдардың жұмысына қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Инспекциялық орган «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Қостанай филиалының инспекциялық органы, Қостанай қ. аккредиттелсін.
6. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Атмосфералық ауаны қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-ң сынақ-мобильді орталығы, Нұр-сұлтан қ.;
2) «Кран Сервис ЛТД» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Атырау қ.;
3) «ГАЗПРОМ НЕФТЬ – Казахстан» ЖШС-ң «Боралдай» сынақ зертханасы, Алматы қ.
7. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты аккредиттеу аттестаты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Ақтөбе филиалының өнім мен қызметтің сәйкестігін растау жөніндегі органы, Ақтөбе қ.;
2) «Gidromet Ltd» Ақпараттық-өндірістік орталығы ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
3) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Павлодар филиалының өнім мен қызметтің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Павлодар қ.;
4) «Эксперт Cert» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Шымкент қ.;
5) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Атырау филиалының менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Атырау қ.;
6) «АБ Транссервис-LTD» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы, Нұр-сұлтан қ.;
7)«АБ Транссервис-LTD» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Нұр-сұлтан қ.;
8) «Құрылыс-өрт сараптамасы» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Шымкент қ;
9) «Асу-ЭКО» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.
8. Орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Kaz Grain Solutions (Каз Грейн Солюшнз)» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Көкшетау қ.;
2) «Аспан» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Орал қ.;
3) «Екібастұзтеплоэнергомонтаж» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Екібастұз қ.;
4) «ALEM 11» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Нұр-сұлтан қ;
5) «Волковгеология» АҚ-ң «орталық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» филиалының химия-аналитикалық партиясының (зертханасының) сынақ зертханасы, Алматы қ.
9. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталыгы) құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4 және 5 тармактарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
10. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
11. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Шоқбарбаев Н.Т. жүктелсін.
12. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

