Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 5В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.Нұр-сұлтан қ. «Эко-Аналит» ЖШС сынақ зертханасының №KZ.T.01.1560 26 желтоқсанның 2019 жылғы аккредиттеу аттестаты қайта жаңартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМҚ-ның талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеусубъектілер Тізіліміне және «ҰАО» РМҚ-ның веб-сайтына тиісті ақпаратты еңгізсін
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрлігінің Техникалық реттеу және метрологияКомитетін хабардар етсін
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Шоқбарбаев Н.Т. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

