«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) Жарғысының 22-тармағының 6) тармақшасы және 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 3-О аккредиттеу жөніндегі комиссияның хаттамасы негізінде
БҰЙЫРАМЫН:
-
«ҰАО» РМК Бас директорының 2025 жылғы 15 қаңтардағы «Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы» № 23-ОД бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:
- 1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
- Келесі мазмұндағы 1.1-тармақпен толықтырылсын:
«1.1. Алматы қ., «Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы» АҚ-ның сынақ орталығының 25.05.2022 жылы берілген № KZ.T.02.E1034 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып Алматы қ., Әл-Фараби көшесі, 75А мекенжайы бойынша орналасқан фармацевтикалық химия және фармацевтикалық технология зертханасының құрылымдық бөлімшесін аккредиттеу саласының бір бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.»
-
«ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
-
«ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ң аппарат басшысы М. Б. Копабаевке жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

