«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 26 маусымнан 2020 жылғы 26 қыркүйекке дейін ұзартылсын:
- «Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты» АҚ сынақ орталығы 2015 жылдың 26 маусымдағы № KZ.И.17.0230 аккредиттеу аттестаты;
- «Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ сәйкестікті растау жөніндегі органы 2015 жылдың 26 маусымдағы № КZ.О.01.0922 аккредиттеу аттестаты;
- «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Астана филиалының салыстырып тексеру зертханасы 2015 жылдың 26 маусымдағы № KZ.P.01.0833 аккредиттеу аттестаты;
- «Біріккен кәсіпорын «Казаналит» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы 2015 жылдың 26 маусымдағы № KZ.П.06.0808 аккредиттеу аттестаты;
- «Рудныйсоколовстрой» АҚ құрылыс зертханасы 2015 жылдың 26 маусымдағы № KZ.И.11.1619 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 26 маусымнан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

