«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 3 мамырдан 2024 жылғы 3 тамызға дейін ұзартылсын:
1) Алматы қ., «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ «Технологиялар және азық-түлік өнімдерінің сапасы ғылыми-білім беру инновациялық орталығы» сынақ оқу орталығының 2019 жылғы 3 мамырдағы № KZ.T.02.2205 аккредиттеу аттестаты;
2) Құлсары қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау облысы бойынша филиалының Құлсары қалалық бөлімшесі сынақ орталығының 2019 жылғы 3 мамырдағы № KZ.T.06.2204 аккредиттеу аттестаты;
3) Алматы қ., «QS Azia Sertik» ЖШС менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органның 2019 жылғы 3 мамырдағы № KZ.Q.02.0305 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторингілеу және талдау департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Б. Еримбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

