Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
-
«Флагман Серт Казахстан» ЖШС сынақ зертханасының 2023 жылғы 13 мамырдағы KZ.T.02.E0997 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
-
2026 жылғы 07 сәуірдегі № 469-ОД «Аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтату туралы» РМК «Ұлттық аккредиттеу орталығы» Бас директорының орынбасарының бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Құқықтық және кадрлық жұмыс басқармасы үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
4. Мониторингтеу және талдау басқармасы сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін.
5. Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтында орналастырсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

