«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру»
8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 23 маусымнан 2020 жылғы 23 қыркүйекке дейін ұзартылсын:
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Қарағанды облыстық филиалының сынақ зертханасы 2015 жылдың 23 маусымдағы № KZ.И.10.0799 аккредиттеу аттестаты;
- «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының химиялық сынақ зертханасы 2015 жылдың 23 маусымдағы № КZ.И.05.0702 аккредиттеу аттестаты;
- «Тарту-Стандарт» сертификаттау орталығы» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы 2015 жылдың 23 маусымдағы № KZ.П.10.0811 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

