«Аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтата тұру туралы» 16.02.2024 жылғы №219-НҚ бұйрығына редакциялық өзгерістер енгізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Бұйрықтың 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Мониторингтеу және талдау департаментіне «Қауіпсіздік сараптамасы» ЖШС сынақ зертханасының 2023 жылғы 28 наурыздағы № КZ.Т.01.2489 аккредиттеу аттестаты «Отқа төзімді құрамдар мен заттар. 1 бөлім. Ағаш пен оның негізіндегі материалдарға арналған Отқа төзімді құралдар. Жалпы техникалық шарттар» аккредиттеу саласы бөлігінде, 2024 жылдың 27 мамырына дейін тоқтату туралы тиісті ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және осы ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары Б.С. Еримбетовке жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

